Нихоний – мырыш пен висмуттың ядросын біріктіру нәтижесінде шығарылған элемент. Бұған дейін оны латын тілінде «унунтурий» деп атап келген еді.
Биыл жазда Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы жаңа элементтерге атау беру жөнінде ұсыныстар шығарған. Атомдық нөмірі 113, 115, 117 және 118 деп келетін элементтерді нихоний, московий (Мәскеудің атына орай), тенессин және оганессон (академик Юрий Оганесянның құрметіне) деп атау ұсынылған еді.