Forte қаржылық ұйымының дамытушы тобы жасаған мобильді қосымша бұрын банк филиалына барумен ғана шешілетін мәселелерді жеңілдетуге толықтай көмектесу үшін барлық қажеттілікті жасады. Қосымша сіздің қаражатыңызды ыңғайлы және жылдам басқаруға ғана емес, сонымен қатар тікелей ForteMarket, ForteTravel және жақында ұсынылған ForteForex құралдары сияқты экожүйенің басқа да ірі өнімдерін қолдануға өте оңтайлы. Естеріңізге сала кетейік, Forte-нің әр клиенті онлайн-валюта сауда платформасының мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады және өзі үшін тиімді мөлшерлемені белгілей алады.

Forte Bank
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Қосымшаны қайта іске қосқан кезде Forte тобы қарапайым ақша аударымдарының принциптерін қайта қарастырды және FortePay қызметін жаңартты. Демек, енді тек телефон нөмірін қолданып, кез келген қазақстандыққа ақша аударымын жасауға болады. Тұтынушылар карточкасыз да қаражат ала алады. Оның хабарламасы екі генерацияланған кодтың бірегей жүйесіне сәйкес қосымшаға да, SMS түрінде смартфонға да түседі. Сонымен қатар жеке тұлғалар заңды тұлғалардың пайдасына ақша аударымдарын жүзеге асыра алды.

Банктің онлайн-өнімдеріне көзқарас өзгерді — енді несие алуға өтінімдерді толтыру, депозит ашу, дебеттік картаны қайта шығару, интернетте төлемдер үшін виртуал картаны ашу және қосымшадан тікелей шот ашуға болады.

Forte Bank
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Қосымша клиенттің ForteMobile жеке тіркелгісімен — Forte ұялы байланысын басқару мүмкіндігімен біріктірілген. Енді еш қиындықсыз басты беттегі виджетте қалған трафикті бақылауға, есептік жазбаны толтыруға, тарифтік жоспарды өзгертуге болады.

Қосымшада кез келген картаның PIN-кодын екі рет түрту арқылы өзгертуге де мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ банк тұтынушысы кез келген картасын қосымшада бұғаттай алады және блоктан шығара алады, карта лимиттерін басқара алады, карта немесе шоттың қозғалысы туралы үзіндіні ала алады.

Жаңа Forte қосымшасын келесі сілтемелерден жүктеуге болады: AppStore, GooglePlay.