Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі 25 қарашада өтеді

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де хабарлады.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезін 2020 жылдың 25 қарашасында өткізу туралы қаулыға қол қойды, — деп жазды ол.

Ал Nur Otan партиясы саяси кеңесінің бюросы 24 қарашаға шақырылды.