57 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Комиссия шешімімен стипендия 57 үміткерге тағайындалды деп хабарлайды Zakon.kz. Олар магистратура және докторантурада білім алады, сонымен бірге әлемнің жетекші ғылыми және өндіріс орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Ал доктор дәрежесін алуға 7 адам, тағылымдамадан өтуге 2 үміткер конкурстық іріктеуге қатысты.

Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.