— Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау қалай жүзеге асып жатыр?
— Жамбыл обылысындағы «Рухани Жаңғыру» жобасы қарқынды дамуда. Мысалы, Асқар Мырзахметовтің айтуынша 2018 жылы облысқа 400 миллион теңге қазына қаржысынан бөлініп, одан бөлек 3,4 миллиард теңге көлемінде демеушілердің қаржысы тартылып, 130-дан астам жоба, 60-тан астам іс-шара өткізілді деді. Ал биылғы жылдың 9 айында бағдарлама 13 арнайы жоба бойынша іске асырылды. Бағдарламаны іске асыру аясында 323 миллион теңге қаражатқа 41 жоба, 3222 іс-шара өткізіліп, 1 миллион 140 мыңнан астам (1 140 000 ) адам қамтылды. Облыстық офис тарапынан тоқсан сайын әр арнайы жобаға мониторинг жүргізіліп, рейтинг шығарылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен 323 миллион 849 мың теңгеге 41 жоба іске асырылды. Осы сандарға қарап отырып, Жамбыл облысында бағдарлама қарқынды даму үстінде деп айта аламын.
— Данияр Маратұлы, мысалы нақты қандай жобаны атай аласыз?
— Бүгінгі таңда Еліміздегі басты проблемаларыдың бірі баспана болғандықтан, бағдарлама көмегімен көптеген отбасы үйлі болып қалуда. Бұл халқымызға жасалып жатқан жақсы жобалардың бірі деп ойлаймын. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы көлемінде түрлі жобалар іске асырылуда. Мысалы, соның бірі «Асарлатып үй салу» жобасы. Жоба бойынша барлығы 122 үйдің кілтін табыс ету жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 12 үй пайдалануға берілді. Қалған 110 үй жыл соңына дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Айта кетсек, бұл істердің барлығы «Рухани жаңғыру» жобасы аясында биыл жазда қолға алынған. Қайырымдылық шарасына кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары да көмек қолын соза алады. Үй тұрмыс жағдайы төмен, баспанасыз жүрген жанұяға аудан тұрғындары асарлатып үй салып беру арқылы беріледі. Қазіргі таңда, бірінші болып, Байзақ ауданындағы Мәдімар ауылының тұрғыны баспаналы болды. Бұл атқарылып жатқан жобаның үлкен жетістігі деп білемін.
— «Асарлатып үй салу» жобасы мұқтаж отбасыларға баспана салып беріп қана қоймай, қазақы әдепті жаңғыртудың бірден-бір жақсы жолдарының бірі екен.
— Құрылыс барысында, шығынды барынша азайту мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мемлекеттік нысандардан шыққан жарамды материалдар үй құрылысына пайдаланылмақ. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Прагматизм» бағыты аясында жаңадан қолға алынған «Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Яғни, бұл менің ойымша ысырапшылдыққа жол бермеудің, әсіресе мемлекет қаржысын игі істерге жұмсаудың ұтымды жолы.
— Үлкен жоба болғандықтан, әрине қап әттеген-ай деген сәттер болады. Қателіктерден жас буынға қандай ақыл айтар едіңіз.
— Әрине, жұмыс барысында түрлі қателіктер орын алады. Жас буынға айтарым, бастысы жасаған қателіктерінен сабақ ала білу. Облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шарада бағдарлама мағынасы кеңінен ашылып, әрбір қазақстандықтың жүрегіне жетеді деп сенемін. Ал, әзірге жобаларымыз қарқынды жүзеге асуда. Бастысы, рухани құдылықтарымызды жоғалтпай, қоғамға дұрыс бағытта дәріптесек, халыққа зиянымды емес, керісінше қандай да бір пайдамды тигізсем, ең үлкені әрі маңыздысы да осы емес пе?!