Басты бетҚоғам"Рухани жаңғыру:...

«Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» атты кездесу өтті

Санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған шарада PhD докторлары, кандидаттар, ғалымдар сөз сөйледі. Атап айтсақ, заңгер, исламтанушы, PhD докторы, доцент — Ермек Бекбосынов, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия ғылымдарының докторы – Досай Кенжетай, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры — Сакен Аралбайұлы Мажимбеков, доцент, дінтанушы – Сержан Оразбай секілді азаматтар сөз сөйледі.

Кездесуде зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, жастар саласының өкілдері көпшілікпен өз ойларын бөлісіп, кездесуге қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Жоғары деңгейде өткен шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.