Атап айтқанда, республикалық маңызы бар – 31 шақырымдық екі жолға орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал облыстық маңызы бар –101,8 шақырым болатын 9 жолға күрделі әрі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде 70,4 шақырым жол кедір-бұдырлы беттік өңдеу әдісімен жөнделу үстінде. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар — 53,1 шақырымдық 74 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүруде.
Сонымен қатар, 63 шақырымды құрайтын 165 топырақ көшеге тас төсеу жұмыстары жүріп келеді.
Бұл жұмыстардың қорытындысымен Жетісай ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі — 92%-ға жететін болады.