Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер саны артып келеді

Фото: Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі

Түлкібас ауданына қарасты Балықты ауылдық округінің «Сансызбай» шаруа қожалығы дәл осы кәсіп түріне қызығушылақ танытқан. Кәсіпкер жасанды көлшіктерді дайындаған. Жуық арада Сайрам ауданының «Нұрша Темир» ЖШС-нен 10 мың дана сазан балығының шабақтарын сатып алуды жоспарлап отыр.

Жалпы бүгінгі таңда Түлкібас ауданының аумағында 4 шаруашылық балық өсіру ісін қолға алған.

Атап айтқанда, Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты First Fish Company ЖШС-і — бекіре, фарель және карп балықтарын өсірумен айналысса, Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС-і, Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ-ы және Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» балықтың сазан түрлерін өсірумен айналысады.