Әзербайжан Президентінің көмекшісі, Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиев жаралылардың саны 40 адамға, қаза болғандар саны 12 адам5а жеткенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 адамның қаза тапқаны, 35 адамның жараланғаны хабарланған болатын.
Арменияның мемлекеттік террорын тоқтату керек, — деді Әзербайжан Президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев.
Қаланың көптеген азаматтық инфрақұрылымы мен көлік нысандары қатты зақымданды. Қазіргі уақытта оқиға болған жерде Бас прокуратура құрбан болғандардың тізімін нақтылау бойынша тергеу жүргізіп жатыр.