Ерлан Қиясовтың айтуынша, азаматтар маска тақпаған, арақашықтық сақтамаған, карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілер жұмыс істеп тұрған, мекемелерге медицина қолғабы мен антисептик қойылмаған, адам көп жиналатын іс-шаралар өткен.
Қазіргі уақытта әкімдіктер жанындағы 873 мониторинг тобы карантин шараларының сақталуын тексеруді жалғастырып жатыр. Карантин режимі жеңілдеген сәттен — 18 қыркүйектен 12 қазанға дейін 26 013 объектіні тексердік, 3 302 объектіде талап бұзылғаны анықталды. Кейінгі үш аптада Нұр-Сұлтанда ереже жиі сақталмаған, тексерілген объектілердің 37% санитария шаралары мен карантин талаптарын ескермей жұмыс істеген, Алматы облысында бұл көрсеткіш 35%, — деді Ерлан Қиясов.
1 566 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Түркістан облысында 431, Нұр-Сұлтанда 105 және Шымкентте 106 мекеме жауапқа тартылды.