Басты бетҚоғамМарат Күлдіков...

Марат Күлдіков Төтенше жағдайлар вице-министрі болды

Марат Күлдіков Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында туған. 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техника училищесін «өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Семей күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндіруші болып бастады.

1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды.

2008-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары — Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы,

2012-2014 жылдары Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,

2014-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,

2016-2019 жылдары ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.