Басты бетЖаңалықтарJunior Eurovision байқауына қатысып жатқан Қарақат Башанованың бейнебаяны шықты

Junior Eurovision байқауына қатысып жатқан Қарақат Башанованың бейнебаяны шықты

Жас орындаушы өзінің «Forever» әнін 7 жасында айырылған әкесіне арнаған. Осы өлеңді былтыр Ержан Максимге ән жазған композитор Хамит Шаңғалиев шығарған.

Бейнебаян сценарийін режиссер Малик Зенгер ойластырған. Онда қызы мен әкесінің түрлі кезеңдегі өмір тарихы көрсетіледі.

Kazakhstan ?? - Karakat Bashanova - Forever - Official Music Video - Junior Eurovision 2020

Қарақат 5 жасынан ән айтады. Қазір ол Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық музыка академиясының музыка мектебінде оқиды, фортепиано мен скрипкада ойнайды.

Ол Қазақстандағы бірнеше вокал байқауына қатысқан. Қарақат «Балалар дауысы 2018» байқауының финалисі.

Junior Eurovision-2020 байқауының гранд-финалы 29 қарашада телекөпір форматында өтеді. Жеңімпаз қазылар алқасының даусы мен онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да