Бұл банкноттар 2006 жылы 15 қарашада айналысқа шыққан еді және 2016 жылдың 4 қазанынан бастап заңды төлем құралы болмады.
Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы және Ұлттық банк филиалдары жоғарыда аталған банкноттарды қабылдап, ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастады. Айырбастау кезеңі 4 жылға созылды.
Айналыстан алу мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды Қазақстан аумағындағы екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы және Ұлттық банк филиалдары қабылдамайды және айырбастамайды.