Алматының «Бюджетке қатысу» жобасының мақсаты — азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру. Қала тұрғындарының бастамаларына Алматының қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері баға береді.
Алматылықтар ашық талқылау және дауыс беру арқылы қала бюджетін қайда бағыттау керегін анықтайды. Егер бастаманы басқа тұрғындар дауыс беріп қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асады. Бір өтінім 55,5 миллион теңгеден аспауға тиіс. Қаржыландырудың жалпы көлемі 6,4 миллиард теңге, қаланың әрбір ауданына 800 миллион теңге. Былтыр әр ауданға 500 миллион теңге бөлінді.
Биылғы өтінім беру алгоритмі мен шарттары жеңілдетілген. Жобасын ұсынатын тұрғындар сметаны немесе эскизді қоспай, оның орнына ұсынылған стандартты құжаттардың бірін таңдай алады немесе интернеттен суретті жүктей алады. Бұл арнайы білімі жоқ кез келген қала тұрғынының өз идеясын ұсына алатынын және өз ауданын жақсартуға және қалалық ортаны дамытуға үлесін қоса алады дегенді білдіреді.
2021 жылға өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 28 тамызында Алматы даму орталығы порталында — Open Almaty басталды. 5 қазандағы жағдай бойынша 428 жоба ұсынысы берілді. Бұған дейін пилоттық кезеңде 333 жоба ұсынылған болатын, олардың бірқатары аяқталып, пайдалануға берілді. Іске асырылған жобалардың ішінде скейтпарк, сөйлейтін орындық, балалар мен ересектердің спортпен шұғылдануына арналған жайластырылған алаңдар, қала тұрғындарының саябақтары мен демалыс орындары бар.
«Бюджетке қатысу» жобасының қатысушысы Маргарита Балакирева былтыр Алмалы ауданындағы бос учаскені көгалдандыруды ұсынған.
Розыбакиев-Жамбыл көшелерінің қиылысында осындай орын таптым, жақын жерде жұмыс істеп, үнемі сол жерден өтіп жүрдім. Содан менде сол жерді абаттандыру идеясы пайда болды. Ол жерге дәмхана немесе автокөлік тұрағын жасап тастай ма деп қорқатынмын, бірақ мен ол жерді көгалдандырғым келді. Әдетте бізге сіздерде бұл жерде анау болады, мынау болады деген директива ұсынады ғой. Ал мұнда біз сияқты қала тұрғындарының өздері қатысады, — деп бөлісті Маргарита Балакирева.
Алматы әкімдігі қала тұрғындарын осы жобаға белсенді қатысуға шақырады. Сұрақтар бойынша +7 (727) 224-3929, ішкі «203» немесе [email protected] электрон поштасы арқылы өтінішдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларға іріктеу budget.open-almaty.kz. порталында онлайн өтеді.
Өтінім беру мерзімін 2020 жылдың 20 қазанына дейін ұзарту Қоғамдық кеңестің жұмыс отырысының қорытындысы бойынша ұсынылды.
Анықтама: жобаларды іріктеу талаптары:
— аумақты көгалдандыру;
— тротуарларды жайластыру;
— тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;
— жалпы пайдалану орындарын (саябақтар, гүл бақтары, жаяу жүргіншілер аймақтары және басқа нысандар) құру, жөндеу және жарықтандыру;
— жиектерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
— қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.