Талдықорған қаласының әкімдігі «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылғы 10 қыркүйекте бастау алған өзге ұлт өкілдері арасында челлендж ұйымдастырылды.
Онлайн челлендж үш номенация бойынша өтті:
1. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» Абай Құнанбайұлының
Қара сөзін жатқа оқу;
2. «Құлақтан кіріп, бойды алар…» Абай әндерін орындау
3. «Өлең — сөздің патшасы» Абай өлеңдерін жатқа оқу.
Шараға қала мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарынан білімгерлері 57 үміткер қатысып, қазылар алқасы челлендж талаптарын толық орындаған 10 жүлдегерді анықтады.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы Дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.