Басты бетҚоғамКамчатка жағалауында...

Камчатка жағалауында теңіз жануарлары өліп жатыр

Greenpeace Russia бұл оқиғаның Камчаткадағы кәсіби серфингшілер жиналатын туристік орталық Халактырский жағажайында болғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, Халактырский жағажайындағы судың түсі өзгеріп, адам денсаулығына қауіп төндірген. Кейінгі бірнеше аптада суға түскен адамдар жағымсыз жағдайларға тап болған.

Судың сынамаларын тексергеннен кейін мамандар мұнай өнімдері төрт еседен, ал фенол 2,5 еседен артық екенін анықтады. Ластану көлемі әлі анықталған жоқ, бірақ өлі жануарлардың барлық жағалауда табылуы жағдайдың маңызды екенін растайды.

Ластанудың себептері әлі анықталған жоқ. Үлкен химиялық ластануларға және проблемаға жедел жауап алу үшін біз оның себептерін жедел тергеу, көлемін бағалау және салдарын жедел жою туралы талаппен Табиғи қолдану саласы бойынша федерал қызметке, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федерал қызметке, Қорғаныс министрлігіне және Бас прокуратураға жүгіндік. Апат болған жерге Greenpeace экспедициясы аттанады, — делінген хабарламада.

Куәгерлердің бірі Дофлейн сегізаяғының мәйітін көрсетті. Ол — Солтүстік Тынық мұхитында жүзетін алып сегізяқ.

Жергілікті серфингшілердің бірі Антон Морозов қазіргі жағдай туралы, дауылдан соң су сәл тазарғанын айтты.

Бірақ суда сары қоспа мен бөтен иіс бар. Ал үш сағаттан кейін тамағым ауыра бастады. Осы уақыт ішінде біз таңертең Мәскеуге тәуелсіз сараптама жасау үшін жіберілетін үлгілерді алдық. Ертең біз бәрін егжей-тегжейлі зерттеу үшін жерсерік түсірген суретте орналасқан өзенге жетіп, не болып жатқанын сол жерде түсінеміз деп үміттенеміз, — деді ол.

Серфер Антон Морозовпен байланысқан Юрий Дудь те апат туралы айтты.

View this post on Instagram

На видосах – Камчатка прямо сейчас. На фото в респираторе – Антон Морозов @snowave_kamchatka, тот самый серфер из нашего выпуска про Камчатку, который вместе с друзьями превратил Халактырский пляж в мировую достопримечательность. Вот что он пишет: «Еще 3 недели назад все после серфинга начали испытывать странные неприятные симптомы. Помутнение, сухость, боль и ощущение пленки на глазах. Першило горло, отекали и садились связки. Вкус океана – горький, не соленый, совершенно непривычный. Спустя время у нас – человек 20, проживающих в лагере, кто катает часто, – случилось отравление. Решили, что кишечная инфекция. И параллели не проводили. Было странно, но вода была вроде прозрачной, мы списывали это на возможные аллергические реакции на планктон или другие естественные биологические процессы и ждали прогнозируемого шторма. Была надежда, что с ним все это пройдет. Но это оказалось началом. В понедельник информация вышла в сеть. Власти отправили специалистов брать пробы. Вода становилась все более странной, мутной, густой. Из разных концов побережья приходили фото и видео, на которых – горы мертвых обитателей повсюду. Предварительные результаты проб показали превышение нефтепродуктов в 4 раза и фенола в 2 раза. Вчера и сегодня многие начали спешно уезжать с океана. Симптомы появляются даже без контакта с водой. Каждый час приходит новая информация и недавно получили от Greenpeace спутниковые снимки реки, которая впадает в океан, и которая, очевидно, и принесла смерть всему живому. Снимки в хронологии 1, 9, 24 сентября показывают, что 9-го числа река уже выливала тоннами отраву в океан. Получается, прошел уже почти месяц. Никакой реакции по предотвращению катастрофы и спасению ситуации не было. Вероятно, если бы ответственные за это событие люди были мужественней и заявили о своем промахе и начали спасательные операции – масштабы этого можно было держать под контролем. Но уже месяц из реки изливается яд, который убивает все вокруг». (Первое видео – пятно в океане, третье – просто жуть)

A post shared by Юрий Дудь (@yurydud) on

Сонымен қатар рэпер Тимати бейнеүндеу жазды. Ол да билікті жағдайға араласуға шақырды.