Үздік ауыл әкімі Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті әкімі Данияр Қоңырбаев болды.
Данияр Қоңырбаев дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинап, 1-орынға ие болды және өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жобасын сәтті қорғап шықты.
2-орынды 2 әкім иеленді. Олар: Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәншүк ауыл округінің әкімі Ғани Исаев және Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауыл округінің әкімі Қазбек Аққайыр.
3-орынды да 2 әкім иеленді: Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауыл окрігінің әкімі Азамат Медетов және ШҚО Жарма ауданы Шалабай ауыл окрігінің әкімі Жанар Есембаева.
Сонымен бірге «Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба» номинациясы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Абай ауыл окрігінің әкімі Мұратбек Арыстамбековке, «Халыққа ашық әкім» номинациясы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Центральный ауыл округінің әкімі Самат Мейрмановқа, «Үздік іскер-шаруа әкім» номинациясы Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауыл округінің әкімі Мәди Өтеғалиевке табысталды.
Республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жаилғанованың грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.