Келес азаматы мемлекеттік бағдарламамен жылқы өсіруді қолға алды

Ол ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры арқылы 2,4 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, алты бас жылқы сатып алды. Оның ендігі жоспары — мал басын көбейтіп, бордақылаумен айналысу.

Көптен бергі арманым кәсіпкерлікпен айналысып мол табыс табу еді. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында сол арманым орындалып келеді. Көмектесіп, қолдау көрсеткен кәсіпкерлік мектебінің мамандарына алғысым шексіз, – дейді Ермек Әлімқұлов.

Жалпы Келес ауданында жыл басынан бері 58 кәсіпкердің жобасы сүйемелденіп, оның 32-сі қаржылай қолдауға ие болды. Бұл көрсеткіш пандемияға байланысты былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендеген.

Бұл мекеменің мамандары биыл 210 азаматқа кәсібін бастау үшін тиісті кеңес берсе, соның 62-сі құжаттарын рәсімдеп үлгерген. Сонымен қатар 22 ірі және 40 орта жоба жүзеге асса, 150 тұрғын кіші жоба арқылы 556 мың теңге көлемінде грант иегері атанды. Қолдауға ие болып жатқан кәсіптің қатарында мал, өсімдік, егін шаруашылығы мен қызмет көрсету салалары бар.