Алматыда жылу беру маусымы басталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 28 қыркүйектен бастап қалаға жылу берілді. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметінше, қаладағы жылу беру желілері мен жүйесі 100% дайын.

Жылу әуелі әлеуметтік нысандарға беріледі. Балабақшаға, мектепке, денсаулық сақтау мекемелеріне бүгінгі күннен бастап жылу бар қуатымен қосылады. Тұрғын үйлер жылуға осы аптада қосылады.

Жалпы, қалада 444 білім беру мекемесі, 133 денсаулық сақтау нысаны және орталықтандырылған жылытуға қосылған 8 024 көпқабатты тұрғын үй бар. Әдетте қалаға жылу 15 қазаннан бастап берілетін. сол кезде ауаның орташа тәуліктік температурасы үш күн бойы +8 градустан төмен болатын. Қазгидромет мәліметі бойынша, Алматыда және облыста биыл қазан айында ауаның орташа айлық температурасы +6, + 12 ° С шамасында болуы мүмкін, — деп жазды Әсет Мұқажанов Instagram-парақшасында.

Қазанның бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +8, + 13 °С-тан +3, + 8 °С-қа, оңтүстікте + 11 °С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 0, + 5 °С-тан 0, -5 °С дейін, ал күндіз +23, + 28 °С-тан +10, + 15 °С-қа дейін, оңтүстікте + 32 °С-тан + 20 °С-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр. Содан кейін ауа температурасы түнде +8, + 13 °С-қа дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда + 3 °С, күндіз +23, + 28 °С-қа дейін, оңтүстікте + 32 °С-қа дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасы қайта төмендейді.

Қазанның екінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 0, + 5 °С-тан +8, + 13 °С-қа дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда — 3, -8 °С-тан — 2, + 3 °С-қа дейін, күндіз +8, +13 дейін өзгеруі мүмкін.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +5, + 10 °С-тан 0, -5 ° һС-қа дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда -10 °С, күндіз +10, + 15 °С-тан 0, + 5 °С-қа дейін, оңтүстігінде + 20 °С-тан + 10 ° С-қа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.