Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды

Тұңғыш Президент Түркістандағы халықаралық аэропорттың ашылу салтанатына қатысты. Бұл аэопорт қаладан 20 шақырым қашықта орналасқан.

Ғимарат заманауи технологиялар арқылы халықаралық стандарттарға сай салынды, — деп жазды Айдос Үкібай Twitter-парақшасында.

Фото: Айдос Үкібайдың Twitter-парақшасы

Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы «Түркістан-Арена» стадионында болды. Одан кейін концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шара ұйымдастыруға арналған «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залын көрді.

Rixos Turkistan – қаладағы маңызды турист инфрақұрылым нысандарының бірі. Ол отандық инвесторлар есебінен салынды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық деңгейдегі бұл қонақүймен танысты.