Нұрсұлтан Назарбаев Астана атауына қатысты өз пікірін айтты

«Қай нәрсе болса соған Нұр, Нұрлы деген сөзді қосады. Бәрін менің атыммен байланыстырады. Мен бұл тақырыпқа бірнеше рет өз ойымды айттым. Барлығы мен бәр жерге нұрлы деп жазуға бұйрық беріп жатыр деп ойлайды. Кеше парламент Астана атауын менің есімімен атауды ұсыныпты. Мен мұндай ойды ешкімге айтқан жоқпын… Қазақстанның 25 жылдағы жеткен жетістігін мен жалғыз жасаған жоқпын. Командалық жұмыстың нәтижесі. Парламентке декларация үшін рахмет… Парламент жеке билік тармағы ретінде өз ойларын айтуға, шешу шығаруға құқылы. Егер елдімекендердің атын өзгертетін болсақ талқылап барып қабылдаймыз» деді ол.

Назарбаев нақты істерді шешумен айналысу керектігін айтты.

Еске сала кетейік, 23 қарашада Астанада парламенттің біріккен отырысында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана атауын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп ауыстыруды ұсынған. Оның ұсынысын басқа да депутаттар қолдаған. Бұл ұсыныс баспасөзде жарияланған соң қарсылық пікірде көпшілік арасында қызу талқыға түсті.

Дереккөзazattyq.org