Қазан айының басында оңтүстікте үсік жүреді 

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Бұл антициклон келгенде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Циклон еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана әсер етеді. Осыған байланысты кей жерде жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Қиыр оңтүстікте кезең соңында үсік жүруі мүмкін.