Технология дамыған сайын смартфондағы камералар да жақсарып келеді. Бұл қолданушылардың фотосуреттерді толыққанды редакциялауға деген талабын арттырды. Бұрын барлығына Instagram-дағы бірнеше қарапайым сүзгі жеткілікті болса, қазір экспозицияны, ақ пен көлеңке балансын өңдеу мүмкіндігі бар.
Snapseed – Google компаниясы әзірлеген кәсіби фото редактор. Бұл қосымшаның ерекшелігі: фото өңдеуге арналған 29 құрал мен сүзгі, соның ішінде нүктені түзету, щетка, құрылым, HDR әсері, перспектива, түстерді ойнату сияқты мүкіндіктері бар. Қосымша JPG және DNG файлдарын ашады. Стильді сақтайды және оларды жаңа фотосуреттерде қолдануға ыңғайлы. DNG типіндегі RAW файлдарымен жұмыс істеуге, сапасын жоғалтпастан сақтауға немесе JPG-ге экспорттауға мүмкіндік береді. Түстерді сурет табиғи болып көрінетіндей етіп реттейді. Мұнда экспозицияны, фотоның қанықтығын, жарығын немесе жылуын қалауыңызша өзгертуге болады. Селектив басқару нүктесінің технологиясы арқылы суреттерді өңдеу алгоритмге сәйкес автоматты түрде орындалады.
Darkroom – тез жұмыс істейтін, қолдануға ыңғайлы және фотоларды өңдеуге арналған үздік қосымша. Ол сүзгілерді құруға, қисықтармен және кескіннің кәсіби параметрлерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында фото редактор өте тез жұмыс істейді. Сонымен қатар, галереядан сурет импорттаудың қажеті жоқ, өйткені ол қосымшаны ашқан кезде бірінші болып көрінеді.
Adobe Photoshop Lightroom – смартфондағы тегін фото редактор. Lightroom қосымшасы әдемі фото туындылар жасауға және фотосуреттерді реттеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Қолдануға ыңғайлы құралдар фотосуреттерді қажетті мөлшерде және пропорцияларда қиюға мүмкіндік береді. Сонымен бірге сүзгілер мен эффекттер құру және қолдану, қисықтармен жұмыс жасау және фотосуреттердің жарығы мен түстерін реттеу, селективті түзету секілді әр түрлі өңдеу операцияларын орындайды. Фотосуреттерді өңдеу дағдыларын үйренуге, сондай-ақ фотосуреттерді жасау бойынша өз тәжірибеңізді бөлісуге мүмкіндік береді.