Қызылорда: NIS кураторлары облыстың 300 мұғалімімен тәжірибе бөлісті

Онлайн жиынға аймақтағы жалпы білім беретін мектептің 300-ге жуық сынып жетекшілері қатысты. Вебинарды Назарбаев зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары Гүлзат Шынтасова және Ақбота Жұмабаева жүргізді. Олар қашықтан білім беру жағдайында тәрбие бағытындағы жұмыстарды ата-аналарға ұйымдастырудың тәжірибелерін көрсетті.

«100 кітап», «Отбасылық сенбі», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер», «Ақылды бейсенбі», «100 ән», «100 күй» және тағы басқа жобалардың өткізілу ерекшеліктерін таныстырып, әлеуметтік желідегі чаттарда ата-аналармен байланыс орнатудың қағидаларын бөлісті.

Тыңдаушылар вебинардан алған ақпараттың маңызын атап, алдағы уақытта білім ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарында іске асыратынын кері байланыс арқылы білдірді.