Қызылордада спорт нысандарының саны артып келеді

Қызылорда облысында қазіргі күні 2241 спорт нысаны жұмыс істейді. Кейінгі 2 жылда облыста 16 спорт кешені салынса, биыл мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында жоспарланған 12 жобаның бесеуі іске қосылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында спорт саласы бойынша 22 жоба жүзеге асып келеді.

Оның ішінде қала жəне аудандарда сегіз жаттығу жəне стритбол алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұл бұқаралық спорттың дамуына, спортпен шұғылданушылар санының артуына септігін тигізеді.