ШҚО-да кезекші кластағы оқушыдан коронавирус анықталды

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, инфекцияны 2-класс оқушысы жұқтырған.

14 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылында кезекші класта оқитын оқушы алғаш рет коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Баланың анасы — мұғалім. Бірінші күні температурасы 37 градус болған, инфекцияның барлық белгісі байқалған. ПТР анализі оң нәтиже берді, — деді Бағдат Қожахметов.

Қазір бала үйде емделіп жатыр, жағдайы қанағаттанарлық.

Ол оқитын сыныпта небары 12 бала бар. Олардың барлығы, оның ішінде мұғалімдер мен байланыс жасаған адамдар да инфекцияның жұқтырған-жұқтырмағаны тексеріледі, — деді ол.