Қазақстанда өткен тәулікте 78 адам COVID-19 жұқтырды. Ең көп науқас Нұр-Cұлтанда (25) және Шығыс Қазақстан облысында (20) тіркелді.
Шымкентте, Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында инфекция бірде-бір науқастан анықталмады.
Алматыда — 14 336(+7);
Нұр-Сұлтанда — 13 987(+25);
Атырау облысында — 11 033(+3);
Қарағанды облысында — 10 214(+5);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 483 (+20);
Батыс Қазақстан облысында — 6 833(+3);
Шымкентте — 5 183(+0);
Алматы облысында — 4 946(+0);
Жамбыл облысында — 4 112(+2);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 039(+4);
Павлодар облысында — 3 886(+2);
Қостанай облысында — 3 458(+3);
Ақмола облысында — 3 454(+2);
Түркістан облысында — 3 363(+0);
Маңғыстау облысында — 3 337(+0);
Қызылорда облысында — 3 236(+0);
Ақтөбе облысында — 3 234(+2).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 134-ке жетті. Барлығы 101 610 адам ауруынан айықты, 1 689 науқас қайтыс болды.
