Қарағандыда қаржы пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды

16 қыркүйекте Қарағандының полиция учаскесіне 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Арызданушы бизнеспен айналыспақшы болады. Сол үшін былтыр тамызда басшылары салымнан жылдам дивидент түсіруге уәде еткен компанияға шығады. Оның айтуынша, олар байсалды болған сайын сенімді көріне түскен. Солайша «мықты» фирма иелерінің қызыл тіліне сеніп қалып, бұл іске бірден 9 миллион теңге салған. Дивидент алу ісі арызданушының қаржы пирамидасына алданып қалғанын түсінгенше бір жылға жуық уақытқа созылған. Ендігі салған соманы қайтарып алудың өзі проблемаға айналды.

Зардап шегуші полицияға хабарласты. Әлгі «фирманың» басшылары — 58 және 51 жастағы әйелдер мен 24 жастағы ер адам. Полиция қызметкерлері 58 жастағы әйелді ұстаған, күдікті кінәсін мойындады.

Бұл жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полицейлер басқа күдіктілерді істеп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да