Нұр-Сұлтанда ашық дебаттар төрт алаңда өтеді

«Алматы» ауданының партия мүшелері үшін дебаттар партияның елордалық филиалының ғимаратында, «Байқоңыр» ауданы үшін № 1 автобус паркінің акт залында, «Есіл» ауданы Ұлттық кітапхана залдарының бірі, «Сарыарқа» ауданы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ғимаратында өтеді.

Ашық дебаттардың тікелей эфирі Нұр-Сұлтанда барлық карантин шараларын сақтай отырып өтеді. Алайда біз дауыс берушілер үміткерлердің жүзін, дауыс беруі керек үміткерді есте сақтауы үшін партия мүшелеріне маскасыз сөйлеуге мүмкіндік бердік. Праймеризге қатысушылардың барлығы ПТР-тесттен өтті, — деді Nur Otan партиясы елордалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.

Праймериз, Nur OtanСонымен қатар дебат залына кіреберісте медицина бекеттері бар. Емхана және санитар-эпидемиология қызметкерлері әр қатысушының денсаулығын мұқият бақылайды. Кірер кезінде температура өлшенеді және сәйкесінше өңделеді. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері, түсіру тобы және барлық 10 модератор ПТР-тесттен  өтті.

Нұр-Сұлтандағы үміткерлер әрқайсында 9-10 адамнан тұратын 42 топқа бөлінгенін еске саламыз. Пікірсайыстар күн сайын, жексенбіден басқа күндері, 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Топтардың әрқайсы үшін арнайы тақырыптар бөлінген, дебаттар Nur Otan партиясы елордалық филиалының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіледі.