Константин Харалампидис «Ұлы Отан соғысы батырлары: Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов» деген деректі фильм түсіріп жатыр. Кинокартинаның бас-аяғв 50 минут, бұл 1945 жылы 30 сәуірде Берлиннің Рейхстаг қабырғасында болған жағдайды көрсетеді. Кинолентаның міндеті екі кеңес жауынгерлерінің бірінші болып Жеңіс туын тігуін баяндау ғана емес, оған қоса Рақымжан Қошқарбаевқа Ресей батыры атағын, Григорий Булатовқа Халык қаһарманы атағын беру.
Документалист ұлы ерлік лайық бағасын алуы керек деп есептейді.
Аспанымыздың ашық болғаны үшін бәрінен бұрын батырларымызға қарыздармыз. Сондықтан мен қалай болғанда да бұл әділетсіздікті түзеуге қол жеткіземін деп шештім. Дәуренмен (Рақымжан Қошқарбаевтың жиен немересі — ред.) сөйлестім. Бәрі Дәуреннің анадай фамилияны алып жүргенін мақтан тұтуы керек екенін айтты. Бұған ол былай жауап берді: «Мен өзімнің туымды Рейхстагқа әлі орналастырғаным жоқ… Атамның оқиғасы өзіме де қызық. Мен бұл жолды онымен бірге жүріп өткім келер еді». Сонда мен оның бұл картинаға міндетті түрде қатыстырамын деп шештім. Бұл отбасының шынайы интеллигенттігін білдіреді. Өйткені Дәурен атасының еңбегін пайдаланып кеткісі келмейді, керісінше өзінің туын көтергісі келеді. Дәурен бұл фильмде зерттеу жолынан өтеді, атасы туралы ақпарат бөліседі, материалдар жинауға көмектеседі , — деді фильм авторы.
Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі туралы фильм 2021 жылы көрерменге ұсынылады. Оны түсіруді Қазақстанның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қаржыландырады. Режиссер фильмге қатысты басқа мәліметтерді айтқан жоқ, бірақ фильмде қазақ сарбазының ерлігі туралы дәлелдер жеткілікті болатынына уәде берді.