12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде 1-3 градус аралығында суық болады.
Қызылорда облысында 12 қыркүйек күндіз төтенше өрт қаупі жалғасады. Дауыл тұру ықтималдығы — 90-95%.
12 қыркүйек күні түнде Қарағанды облысының кей жерінде 1-3 градусқа дейінгі суық жалғасады, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы — 90-95%.
Жамбыл облысының тауларында найзағай ойнауы мүмкін, өңірдің кей жерінде солтүстік-шығыстан басталған жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы мүмкін.