Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Бүгін, 11 қыркүйекте Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтті. Онда Төтенше жағдайлар министрі қызметіне Юрий Ильиннің кандидатурасы келісілді.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Юрий Ильинді Төтенше жағдайлар министрі қылып тағайындады. Ақорданың сайтында Президенттің осы туралы жарлығы жарияланды.

Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын, — делінген құжатта.

Президент сонымен бірге Юрий Ильинді Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босату туралы жарлық шығарды.

Еске салайық,  Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі 2014 жылы таратылған еді, ведомствоның өкілеті Ішкі істер министрлігіне берілді.

9 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құру туралы жарлыққа қол қойды.