Басты бетКинотеатрСоғыс кезіндегі...

Соғыс кезіндегі алматылықтар мен эвакуацияланған азаматтар жайлы телехикая түсірілді

1941 жылы қыста Ресейдің танымал жазушысы қызымен бірге еліміздің астанасына қоныс аударады. Алла Корчевская — дарынды әрі жас опера әншісі.

Соғыс басталар алдында анасынан айырылған Алла жабырқау күй кешеді. Қаза әкесіне де ауыр тиеді. Эвакуацияланған мәдениет қайраткерлерінің басым бөлігі әйгілі «Лауреатникте» өмір сүрсе, Корчевскийді  қазақтың танымал жазушысы өз үйіне шақырады.

"Алматы жүрегімде" телехикаясы
Фото: «Алматы телеарнасы

Қасымовтың ұлы – Әмір Аллаға ғашық болады. Әмір жас, сымбатты, батыр әрі дарынды музыкант. Ол бойжеткенді Кеңес үкіметінің әйгілі артисінің қатысуымен өтетін «Бақшасарай фонтаны» балетіне шақырады. Содан бері Опера театры Алланың өмірінің бір бөлшегіне айналады.

"Алматы жүрегімде" телехикаясы
Фото: «Алматы телеарнасы

«Алматы жүрегімде» телехикаясында кейіпкерлер басқа түскен қайғы-қасіретке қарамастан, жарқын болашақтан күдер үзбей алға ұмтылып, кедергілерге мойымайды.

"Алматы жүрегімде" телехикаясы
Фото: «Алматы телеарнасы

Телехикая Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен түсірілді. Басты рольдерді Роза Мұқатаева, Алдияр Байракимов, Данил Попов және Гүлмира Дайрабаева сомдады.

«Алматы жүрегімде» телехикаясы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады. Бұл — сұрапыл соғыс кезеңіндегі зиялы қауымның өмірінен сыр шертетін, шынайы оқиғаға негізделген фильм. Сол жылдары Алматы Кеңес үкіметінен эвакуацияланған бүкіл азаматқа пана болып, театр және кино майталмандарының басын қосты. Басты кейіпкер арқылы алматылықтардың қиын-қыстау кезеңдерді өткеруі, адамгершілік қасиеттен айырылмай,  кино және театр саласын дамытып, болашақ пен бейбіт өмірге ұмтылысы көрсетіледі, — деді «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова.

"Алматы жүрегімде" телехикаясы
Фото: «Алматы телеарнасы

Драма, арасында детективке де ұқсайды. Бұл — 40-жылдардағы сериал. Қазір локация іздеп табу да қиын. Мұндай ескі ғимараттар да аз қалды. Сондай-ақ киімдердің бәрі ескі. Шынымен, біз сол жылдарда жүрген сияқтымыз. Көрермендердің көңілінен шығады деп ойлаймын. Күтіңіздер! Біз барымызды саламыз, — деді әнші, актер Айбек Серікханов.

«Алматы жүрегімде» телехикаясының тұсаукесері 14 қыркүйекте өтеді.