Қазақстанда тағы 76 адам коронавирус жұқтырды

Жаңа дерек елдің 13 өңірінде тіркелді.

Кейінгі тәулікте Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында коронавирус жұқтырған пациент анықталмады.

Бүгінге дейін және бір күнде тіркелген дерек саны:

Алматыда — 14 272(+10);
Нұр-Сұлтанда — 13 886(+7);
Атырау облысында — 10 952(+5);
Қарағанды облысында — 10 142(+8);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 279(+17);
Батыс Қазақстан облысында — 6 777(+6);
Шымкентте — 5 181(+1);
Алматы облысында — 4 905(+2);
Жамбыл облысында — 4 096(+0);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 981(+5);
Павлодар облысында — 3 854(+5);
Қостанай облысында — 3 431(+3);
Ақмола облысында — 3 418(+3),
Түркістан облысында — 3 339(+4);
Маңғыстау облысында — 3 334(+0);
Қызылорда облысында — 3 231(+0);
Ақтөбе облысында — 3 223(+0).

Республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 301-ге жетті, аурудан 99 523 адам жазылды, 1 627 науқас қайтыс болды.