Басты бетҚоғамВолонтерлар лигасы...

Волонтерлар лигасы жолдауды жүзеге асыруға кірісті

Президент пандемия кезеңінде еңбек еткен отандастардың іс-әрекетін ерлік деп атады.

Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн», — деді Президент.

Осы ретте алғашқылардың бірі болып волонтерлар іске көшті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде олар «Ашық жүрек» жаңа жобасының басталғанын жариялап, жыл соңына дейін волонтерлар қатарын 3 есеге ұлғайту жоспарын бөлісті.

«Президент өз Жолдауында еңбек құндылығы туралы айтты. Волонтерлық еңбек — осының айқын дәлелі. Біз жұмысты «беделді» және «беделсіз» деп бөлмейміз. Қазір білім, құндылықтар, тәжірибе уақыты. Президентпен толық келісемін. Оның айтып отырғаны — «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» тізбегі. Біздің түсінігіміздегі жауапты адам — патриот. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «патриот – ол волонтер». Себебі волонтер өзін ғана емес, айналасындағылар мен елін ойлайды. Зиянын тигізбейді, көмектеседі. Жауапкершілікті бөліседі және оны басқаға жүктемейді. Сондықтан «Ашық жүрек» сияқты жобалар жауапкершілікті өз мойнына алатын жастарды, көшбасшыларды, патриоттарды қолдайды. Біз Жолдауды жүзеге асыруға сөзбен ғана емес, іспен де кірістік», — деді Қазақстан Волонтерлар лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Сонымен бірге төрайым Президент реформаларының сәтті жүргізілуі бірлікке, патриотизмге және бүкіл қоғамның азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін еске салды.