Президент дәрігерлерге үстемақы үшін 150 миллиард теңге бөлуді тапсырды

Президенттің айтуынша, мұндай шараны жүйелі түрде жасау керек.

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе артық болады. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл — ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін. Тағы бір мәселе — медицина инфрақұрылымын дамыту. Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл — осы мақсатқа орай 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз, — деді Президент.

Тағы оқыңыз: 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдер жалақысы 25% көбейеді