Президент: Пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет

Бір жерде ахуал тұрақталса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болды. Үкімет жіберілген қателерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы, біз азаматтардан еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл — кейбір мемлекетке қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейміз. Осыған дайын болуымыз керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін, 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Қазақстан халқына екінші Жолдауын арнап жатыр.