Басты бетБілімҚазақстанда бірнеше...

Қазақстанда бірнеше жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтады

Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясы күшін тоқтатты.

Ведомстованың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы университеті, Қайнар академиясы, Алматы экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және Silkway халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы анықталды.

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы уиверситеті, Алматы экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты. «Қайнар» академиясы мен Silkway халықаралық университетін тексеру қорытындылары сотта қаралып жатыр. Өйткені оқу орындары тексеру нәтижесіне шағымданған. Сот процестері аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «құқық» даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылды.