Астанада І аусымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды

«Астанада 31 градус қатты аяз. 1-9 сыныптарда сабақ болмайды», — делінген Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Білім басқармасының шешімі бойынша 21 қарашада ауа райының қолайсыздығы мен қатты аязға байланысты қала мектептерінің I ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Қараша айындағы ызғарлы қыс еліміздің басқа да өңірлеріне әсерін тигізуде. Тек Республикамыздың оңтүстігінде ғана тұрақсыз ауа райы сақталып, қар жауады, кей жерлерге қар қалың түседі. Көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасындатады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Республиканың кей аймақтарында тұман түседі. Атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші 15-23 метр/секундқа жетеді. Кей жерлерде екпіні 23/28, тіпті, 30 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі.

ДереккөзBaq.kz