Бұл аяқ астынан пайда болған мәселе емес. Сондықтан оның шешілуі үшін белгілі бір уақыт керек. Халықаралық тәжірибелер ескерілуі қажет. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңның жобасында дәл осы гуманизм принциптері негіз болады. Министрлік атынан осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп, азаматтық ұстанымын танытқан адамдарға алғысымызды айтамыз, — деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.
Экология министрлігі дельфинарилердің жабылуы туралы қазақстандық жануарлар сақшыларының ұсынысын қарастыратын болады. Дельфинаридегі дельфиндерді ұстау жағдайын ескере отырып, министрлік “Жан-жануарларға жауапкершілікпен қарау" заңнамасының шеңберінде жабу мәселесін қарастырады. pic.twitter.com/JCisYK1Tll
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) August 24, 2020
Айта кетейік, қазақстандықтар дельфинарийлердің жабылуын талап етіп, петицияға қол қойып жатыр. Оған қазірге дейін 5 мыңнан астам адам қол қойған.