Талғат Сәтиев Геология комитетінің төрағасы болды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Сәтиев  Геология комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Сәтиев 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Семей геология барлау техникумын, Қазақ ұлттық политехника институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша техник-геофизик, тау-кен инженері.

Еңбек жолын 1992 жылы Семейдегі полигонға қызмет көрсету бойынша жұмысшы болып бастаған. Семейдегі «Шығысқазжерқойнауы» мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Семей инспекциясында түрлі лауазымды атқарған.

2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Өскемендегі «Шығысқазжерқойнауы» Геология департаментінің басшысы қызметінде болды. 2014 жылдан бастап 2019 жыл аралығында Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы тамыз айынан бастап бүгінге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.