Қазақстанда тағы 267 адамнан коронавирус табылды

17 тамыздың қорытындысы бойынша инфекция жұқтырған 123 пациенттен коронавирус симптомдары табылмаған.

Жаңа дерек еліміздің барлық өңірінде тіркелді. Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Қарағанды облысында инфекция жұқтырғандар өзге өңірлерге қарағанда көп. Ал Қызылорда облысында коронавирусты 1 адам жұқтырды. Оның алдындағы 2 тәулікте мұнда COVID-19 инфекциясын бірде-бір адам жұқтырмаған еді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 13 916 (+39);
Нұр-Сұлтанда — 13 613 (+35);
Атырау облысында — 10 731 (+14);
Қарағанды облысында — 9 820 (+32);
Шығыс Қазақстан облысында — 7 833 (+30);
Батыс Қазақстан облысында — 6 583 (+22);
Шымкентте — 5 152 (+2);
Алматы облысында — 4 828 (+5);
Жамбыл облысында — 4 009 (+10);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 774 (+24);
Павлодар облысында — 3 692 (+7);
Қостанай облысында — 3 276 (+16);
Маңғыстау облысында — 3 270 (+7);
Ақмола облысында — 3 249 (+13);
Қызылорда облысында — 3 213 (+1);
Түркістан облысында — 3 171 (+7);
Ақтөбе облысында — 3 170 (+3).

Қазақстанда пандемия басталғалы бері инфекция жұқтырғандар саны 103 300-ге жетті, барлығы 84 445 науқас аурудан айықты, 1 415 науқас қайтыс болды.