Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметін шақыратындар азайды

Өңірде эпидемиологияға қатысты ахуалдың тұрақталуына байланысты жедел жәрдемге шалынатын қоңырау саны індетке дейінгі деңгейіне түсіп отыр. Жағдай тұрақталды.

Шақырту саны індет өршіген маусым-шілде айларымен салыстыстырғанда 56,8% төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 6 есе төмендеді. Бұл қызметтің шарықтау шегінде күнделікті 1000-нан астам шақырту тіркелсе, қазіргі кезде күніне 150-170 жағдай тіркеліп отыр. Шақыртулардың ішінде пневмонияға күмәнді жағдай 14,4 есе азаюымен қоса, ауыр жағдайдағы науқастар тіркеліп жатқан жоқ.

Фото: Қызылорда облысы Ішкі саясат бөлімі

I және III санатты жедел жәрдем тобы тәулігіне 14-15 рет шақыртылса, IV санатты жедел жәрдем тобына күніне 18-20 шақырту түсіп жатыр. Қуантарлығы бұл өткен аймен салыстырғанда 2 есе төмен.