Олжас Сүлейменов: Абай – қазақ халқының ұстазы

Абай – қазақ халқының ұстазы. Өйткені ол өзінің замандастарына қарағанда көп нәрсені түсініп, алдағыны болжай білді. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың қара сөздеріндегі ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Алайда, біз оның айтқандарын әлі де толық орындамай келеміз. Бүгінде біз оның «басқа халықтармен дос болып, оларды құрметесең, сіздің халқыңызға құрмет көрсетіледі» деген ойын жүзеге асырдық, — дейді Олжас Сүлейменов.

Ол Абайдың егіншілікпен айналысу өсиеті туралы да айтты.

Алайда оған құлақ аспадық, көшпенділік дәстүрден бас тартпадық. Соның салдарынан 30-жылдары қазақ жері халқының 2/3 бөлігі немесе 3/4 бөлігінен айырылды. Егер олар ХХ ғасырдың басынан бастап егіншілікпен айналысса, өлімнен құтылар еді. Қаншама ұлы адам кетті. Олардың қатарында болашақ ғалымдар, ұлы суретшілер бар еді. Олар ұстазы Абайға бағынбады. Біз бүгін болашақ ұрпақ осындай қатеге бой алдырмау үшін жиналып отырмыз, – деді қоғам қайраткері.