Синоптиктердің болжамына қарағанда, аптаның бірінші жартысында оңтүстік циклон Қазақстандағы ауа райына әсер етеді.
Өңірлерде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Солтүстікте және солтүстік-батыста толассыз жаңбыр жауады. Атмосфера фронттарының өтуіне байланысты дауыл тұрады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, — деп хабарлады синоптиктер.
Солтүстікте ауа температурасының түнде 7-15 градус жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыға дейін төмендейді.