Талғар ауданында кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілті табысталды

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан» кезекте тұрған азаматтарға Талғар қаласынан 6 көпқабатты үйден 340 пәтер беріліп отыр. Оның 170-і «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алуға жоспарланған. 61 пәтер – халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға, жетім балаларға – 34 пәтер және көп балалы отбасыларға 55 пәтер бөлінген. Ал мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері үшін 20 пәтер қарастырылған.

Осы алты үйдің құрылыс жұмысына 3 миллиард 135 миллион теңге қаражат жұмсалыпты. Құрылыс мердігерлері – «Гунн строй», «Альтаир» және «Компания строй индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып шыққан.

Қазіргі таңда Талғар ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй алу қорынан үй кезегінде 4912 азамат тіркелген. Оның ішінде әлеуметтік жағынан осал топтар бойынша – 1876, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар – 653, көпбалалы отбасылар – 1053 және 1330 мемлекеттік қызметкер бар. Келесі жылға тағы тоғыз қабатты бес үйдің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілетін болады, – деді Жолан Омаров.

Аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қалимолда Байболов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мадан Бекбосыновтар да жаңа пәтер иелерін құттықтап, ақ батасын арнады.