Басты бетМедицина"Қиын кезең...

«Қиын кезең артта қалды». Алексей Цой коронавирус ахуалы туралы

Қиын кезең артта қалды деп айтсақ, артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда наурыз айынан бері 92 662 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық науқас емделіп жатыр, қалған пациенттер жазылып шықты. Өкінішке қарай, кешегі күнмен есептегенде 1 058 адам қайтыс болды, — деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде брифингіде.

Алексей Цойдың мәліметінше, COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 52 мың төсек-орын бар.

Мысалы, бір тәулікте 1 069 адам COVID-19 жұқтырды. Ауруханаларда дәрі-дәрмектер жеткілікті. COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 52 мың төсек-орын бар.  Әрине, бұл нәтижелер мемлекет тарапынан қолданылған іс-шараларды қоғам дұрыс түсініп, қабылдағаны арқасында, — деді министр.