Басты бетҚоғамГүлшара Әбдіқалықова:...

Гүлшара Әбдіқалықова: Сақтық шараларына бағыну — тұтас ел алдындағы азаматтық борышымыз

Эпидмаусым басталғанда облыста барлығы 976 төсек-орын дайындалды. Оның 135-і — инфекция, 241 — провизор, 600 — карантиндік орын. Қазіргі уақытта олардың саны 2405-ке артты.

Үйдегі стационар қағидасы бойынша облыс көлемінде 161 мобилді бригада жұмыс істеп жатыр.

Қажеттілік туындаған жағдайда 500 төсек-орын резервіміз бар. Оның ішінде инфекция 200 және провизор 300 орын әзірленді. Облыста алты компьютер томографы қызмет көрсетеді. Оның төртеуі облыс орталығында, екеуі ауданда орналасқан. Қосымша аппарат алуға демеушілерді тарту мәселесі қарастырылып жатыр, — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Короновирус індетіне қарсы күресте 6 ПТР аппараты жұмыс істеп жатыр. Тәулігіне 750 сынама алуға қол жеткізілді. Эпидмаусым басталғалы барлығы 65 230 сынама алынды. Бірінші тамызға дейін тағы 3 ПТР (ветеринарлық  қызметінің екі және «СПИДке қарсы күрес орталығының», «Олимп» медицина орталығының) аппараттары іске қосылады.

Сонымен аймақ бойынша 9 ПТР аппараты халыққа қызмет көрсетіп, анализдер саны тәулігіне 1500-ге жеткізіледі.

Қызылорда облысында 52 рентген аппаратының 20-сы облыс орталығындағы, 32-сі аудандардағы медицина мекемелерінде қызмет көрсетеді. 109 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) бар. Денсаулық сақтау министрлігіне 192 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына тапсырыс берілді. Сонымен қатар 153 оттегі концентраторы бар. Кеше өңірге қосымша «Шұғыла» қоғамдық қоры тарапынан 200 дана оттегі аппараты жеткізілді.

Құзырлы органдармен жүргізілген мониторинг барысында дәрілік заттарды заңсыз сатудың 50 дерегі анықталса, санитариялық және карантиндік талаптарды бұзған (жеке тұлға) 62 тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

COVID-19 инфекциясына қарсы күрес шараларына тартылған 2407 медицина қызметкеріне қаржылай қолдау мақсатында пандемия кезеңінде 4 айда 1 миллиалд 117,6 миллион теңге төленді. Сондай-ақ облыстың барлық емдеу мекемесі бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіліп, бекітілген 26 түрлі дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасты. «СК-Фармациядан» келетін барлық дәрі-дәрмектің 100%-і жеткізілді. Ал дәріханаларда бір айға жетерлік дәрі қоры қалыптасты. Қазіргі уақытта сұраныстағы дәрілердің 100%-і сатылымда бар.