Жел, бұршақ, найзағай: алдағы үш тәуліктегі ауа райы

Ауа райының құбылуына атмосфераның фронттары әсер етеді.

Республиканың кей жерінде өткінші жаңбыр, шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің кей өңірінде күн күркіреп, дауылды жел тұрып, бұршақтың түсуі ықтимал, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Қазақстанның тек солтүстік және оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды. Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуына байланысты ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін.