Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев бұл бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
2019-2020 жылғы оқу жылында барлық жоғары оқу орнында орташа жалақы мөлшері 20%-ке көтерілген еді. 2020-2021 жылғы оқу жылында жалақы 21-30%-ке дейін көтеріледі деп күтіліп отыр. Бұл бағыт бойынша барлық жоғары оқу орындары жұмыс жасап жатыр, — деді ол министрлік аппаратының онлайн жиналысында.
Асхат Аймағамбетов ұлттық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы отандық университтердегі оқытушылардың жалақысын көтеру бойынша тапсырма бергенін, оны орындау керегін атап өтті.
Біз жалпы министрлікке бағынатын жоғару оқу орындарыда оқытушыларының жалақысын өсіруіміз керек. Бұл мәселені біз 1 қыркүйектен бастап шешуіміз қажет. Бұны сіздермен талқылағанбыз. Бұл жай ғана көтерілген мәселе емес. Өйткені сіздердің бюджеттеріңіз бойынша мамандармен жұмыс істелді. Талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бізде осындай мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз, — деді министр.
Сонымен бірге ведомство басшысы Президенттің тапсырмасы бойынша үкіметтің қаулысы қабылданғанын айтты.
Мемлекеттік гранттардың өсуі, біріншіден, оқытушылардың жалақысы өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Екіншіден, жоғары оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, тиісті шешімдер қабылдануға тиіс, — деді Асхат Аймағамбетов.